Биыл 200 кәсіпорын ашылады
Ата заңда еңбек құқығы нақты айқындалған. Әр адамның еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқы бар. Сол жұмысшы мамандардың арқасында бүгінде ел экономикасы ілгерлеп, өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны екі жыл қатарынан 6 пайыздан асты. Мемлекет басшысы мұндай үдеріс аймақтардың мықты экономикалық негізін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Қарағанды машина жасау, құю зауыты өткен ғасырдың 40 жылдары іске қосылған. 2018 жылы қайта жаңғыртылып өндіріс қуаты 6 есеге артты. Бүгінде зауытта 850 жуық адам жұмыс істейді. 3 негізгі цехта 12 000 түрлі ауыр өнеркәсіпке қажетті тауар өндіріледі. Оның басым бөлігі жергілікті кәсіпорындарға саудаланса, бір бөлігі көршілес елдерге экспортталады.
Әділет Орынбай, қондырғы операторы:
Енді бір орында тұрған жоқ дамып жатыр. Бұдан да мықты станоктар шығады. Біздің станоктар адамның жұмысын азайтқан. Бағдарламамен басқарылады. Орнатасың, бағдарламаны жібересің, станок ары қарай өзі жұмысын жасай береді. Есігін жауып, қадағалаймыз.
Өңірдегі Саран қаласы индустриялық аймақтың арқасында моно қалалар тізімінен дербес шықты. Экономикасы ілгері дамыған шағын қаланың жетістігі қазір басқаларға үлгі. Жыл сайын өндіріс орындары артып келеді. Ал өңір бойынша былтыр 25 инвестициялық жоба іске қосылып, 4 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды.
Гулина Сәкенова, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы:
Жалпы 25 жоба іске қосылды. Олардың жалпы соммасы 205 миллиард теңгені құрайды. Жобалар аясында 2 мыңға жуық жұмыс орынын құру жоспарланған. Ең ірі жобалар: Саран қаласындағы ыстық мырыштау зауыты мен тік тігісті құбырлар шығаратын кәсіпорын іске қосылды.
Биыл елімізде құны 1,7 триллион теңге болатын 200 кәсіпорын іске қосылып, 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Алып кәсіпорындардан бөлек елімізде шағын және орта бизнесте қарқын алып келеді. Тіпті жаңа қабылданған Ата заңда қолдау тетіктеріне ерекше назар аударылған.
Ермек Әбілдин, облыстық Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының басшысы:
Шағын және орта бизнестің мүддесі қорғалды. Алдынғы конституцияда жеке меншік түрі көрсетілсе, жеке меншік және мемлекеттік меншік деп. Бірақ та бөлшектері болмады. Меншіктің түр түрі бар. Коперативті меншік бар, біріккен меншік бар. Біздің тарапымыздан осы ұсыныс айтылды. Меншіктің түр түрі Ата заңмен қорғалсын деп. Ол қабылданды, референдумда халық қолдады.
Жаңашылдық ең алдымен кәсіпкерлерге тиімді болмақ. Себебі басты құжатта кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау күшейтілген. Бұл – инвестиция тарту, өндірісті кеңейту және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін тиімді. Мұндай бастама – экономиканы дамытудың негізгі әрі нақты жолы, - дейді мамандар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы