«Бірлік диалогы: Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа бағыттары» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бірлік диалогы: Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа бағыттары»

17.05.2025

Ассамблея қоғамдағы бірлік, диалог және келісімді нығайтудағы маңызды институт болып қала береді. Бұл туралы Алматыда өткен «Бірлік диалогы: Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа бағыттары» атты диалог алаңында айтылды. Жиынның мақсаты – пікір алмасу, этносаралық қатынасты нығайту, ассамблеяны дамытудың жолдарын айқындау. Сондай-ақ Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясының соңғы сессиясында айтқан міндеттерін орындау. Яғни ассемблеяның жаңа доктринасы қабылданып, заман талабына сай мақсаттары бектіледі, дейді сенат депутаты Геннадий Шиповских.

 Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Біздің қазіргі бірінші миссиямыз – бұл ҚХА форматын одан әрі жетілдіру. Сонымен қатар, біз ҚХА әрі қарай тек қана қазақстандық деңгейде емес, сонымен қатар әлемдік деңгейге бренд ретінде оны қалай айналдырамыз, осы жұмыстарды қалай іске асырамыз? Біз бірінші кезеңнен өтіп, екіншіге өтіп жатырмыз. ҚХА 2030 -жылға дейінгі даму тұжырымдамасын дайындау.

Айдана Қуантқан

Хабарламаларға жазылу