Ресейде әуе билеттерінің бағасы күрт өсті
Ресейде әуе билеттерінің бағасы күрт өсті. Ел ішінде ұшатын ұшақ билеті 60 пайызға дейін қымбаттаған. Мамандар жаз айларында Ресейде 48 миллионға жуық әуе рейсі орындалуы мүмкін екенін айтады. Алайда санкция салдарынан елде ұшақ жетпей жатыр. Өйткені Ресейдегі әуе компаниялардың ұшақтарының 80 пайызы Еуропада лизингіде болған, барының тозығы жеткен. Ресей мұнайы соңғы бір аптада арзандап, бюджетке түсетін кіріс те азайды. Мамандар жаз айларында әуе билеттерінің құны 200 пайызға дейін өсетінін мәлімдеді.
Дмитрий Горин, сарапшы:
Жолаушы саны 50 пайызға өсті, себебі шетелге шыға алмаған азаматтар ел ішінде демалғысы келеді. Бірақ оларды діттеген жеріне жеткізу үшін ұшақ жетпей жатыр. Бұл барлық әуе компанияларға қатысты. Ұшақты жөндеуге қажетті құрал-жабдықтар да жоқтың қасы.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41

Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
13.09.2025, 15:39
«Biken 3» халықаралық театр фестивалі басталды
13.09.2025, 15:33
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі
13.09.2025, 15:31
Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды
13.09.2025, 15:29
Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті
13.09.2025, 15:27
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр
13.09.2025, 15:26
Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
13.09.2025, 15:24