Украина – Ресей келіссөздерінің форматы өзгерді
Ыстанбұлда өтетін Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келіссөздердің форматы өзгерді. Яғни алдымен Түркия, АҚШ пен Украина делегациялары арасында кездесу өтеді. Ол жиын Ыстанбұлдағы Долмабахче сарайында жаңа ғана басталды. Бұл басқосуға Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, АҚШ Сыртқы істер министрі Марко Антонио Рубио және Украина Президенті офисінің жетекшісі Андрей Ермак қатысып отыр. Ал екінші кездесуде Түркия, Украина мен Ресей делегациялары басқосады. Тараптардың нақты күн тәртібі әзірге белгісіз. Дегенмен сарапшылар осы келіссөздерде соғысты тоқтату туралы шешім қабылданады деген үмітте.
Гүнгөр Явузаслан, халықаралық саяси сарапшы:
Бұл бейбіт келіссөздер Ресейдің ұсынысымен басталды. Оны Украина қолдады. Яғни соғысты тоқтатуға екі тарап та мүдделі екенін байқаймыз. Бұдан бөлек Америка мен Түркия президенттері де тараптардың бітімге келуіне барынша ықпал етуде. Сондықтан бүгінгі келіссөздер қантөгісті тоқтатып, тараптардың татуласуымен аяқталады деген үміт басым.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02