Астанада «Ұлттық өнім» көрмесі ашылды
Астанада кәсіпкерлердің «Ұлттық өнім» атты көрмесі ашылды. Экспо орталығында өтіп жатқан шарада мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен кәсіп ашқандар өнімдерін саудалайды.
Жанел Нұрболат, тілші:
Бүгін экспо алаңы үлкен сауда үйіне айналғандай. Еліміздің әр өңірінен келген 350 кәсіпкер түрлі тағам түрлерінен бастап көздің жауын алатын әшекей-бұйымдар, киім-кишек, сан түрлі опа-далап, тіпті тұрмыстық заттарға дейін саудалап жатыр. Бәрінен де ұлттық тағамдарға сұраныс жоғары болып жатқан секілді. Мәселен, мына шұбаттың көрме ашылғалы небәрі бір сағат ішінде 30 данасы өтіп кеткен. Мұнда түйеқұс, бөдене жұмыртқасы секілді ерекше өнімдерді де таба аласыз. Түске таман “Халық таңдауы” деген байқау басталады. Сонда осы тағамдардың бәрінен дәм татып, ең үздік деп тапқаныңызға дауыс бере аласыз. Тағы қандай іс-шаралар өтетінін қазір жанымда тұрған «Даму» қорының Басқарма Төрағасының орынбасары Мурат Бапаевтан сұрап білейік.
Мұрат Бапаев, «Даму» КДҚ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары:
Сән көрсетілімдері, шеберлік сабақтары, түрлі ұтыс ойындары да өткізілмек. Ал кешке эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.Айта кетейік, көрме сағат таңғы 08:00 ден бастап 18:00 ге дейін жұмыс істейді. Биыл сегізінші рет өтіп жатқан іс-шара бұл жолы да екі күнге жалғаспақ.
Жанел Нұрболат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06