Ресей-Украина: Келіссөздер басталмады
Ресей мен Украина арасындағы келіссіздер әлі басталмады деп хабарлайды біздің Түркиядағы меншікіті тілшіміз Айдос Әшімұлы.
Біз қазір Стамбұлдағы Ресей Федерациясы консулдығының алдында тұрмыз. Осы жерде Ресей делегациясының жетекшісі Владимир Мединский брифинг өткізеді деген болатын. Алайда жаңа ғана брифинг болмайды деп мәлімдеді. Жалпы бүгін Стамбұл қаласында Ресей мен Украина делегациясы арасындағы бейбіт келіссөздер басталуы тиіс еді. Үш жыл үзілістен кейін кездескен тараптар осы жиында атысты толық тоқтату мәселесін талқыламақ болған. Келіссөздер Стамбұлдағы Долмабахче сарайында бүгін таңертең басталады деген еді. Алайда тараптардың келіссөздер күн тәртібіне және делегация құрамына қатысты келісе алмауының кесірінен жиын әлі басталған жоқ.
Ресей тарапының айтуынша, Украина олардың делегациясының құрамына қатысты қарсылық білдірген. Ал Украина президенті Владимир Зеленкий Анкара қаласында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Кездесуде Зеленский Украина тарапы келіссөздер жүргізуге дайын деген болатын. Тараптар келіссөздерді тығырыққа тіреді деп бірін-бірі айыптауда. Бір нақтысы Ресей мен Украина делегация мүшелері әлі бір үстел басына отырған жоқ. Енді келіссөздер ертең таңертең өтуі мүмкін деген болжам бар.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
