Еліміз бойынша құрғақшылық жайлайтын 10 аймақ аталды
Құрғақшылық жайлайтын 10 аймақ аталды. Экология және табиғи ресурстар министрінің айтуынша, тек астықты өңірлерде, тау бөктерінде және елдің оңтүстік қиырында жауын-шашын көлемі климаттық нормаға жуық болады. Ал болжам бойынша, мамыр айында мына аймақтарда құрғақшылық болуы ықтимал:
Қостанай облысының оңтүстігі, Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарының оңтүстік-батыс бөліктерінде ылғал тапшылығы байқалады. Сонымен қатар Қызылорда облысының солтүстік-батысы, Алматы мен Жамбыл облыстарының солтүстік өңірлері, сондай-ақ Қарағандының оңтүстігінде көктем қуаң тартып, егіс жұмыстарына кедергі келтіруі ықтимал. Бұдан бөлек, Ақтөбе, Атырау, Абай және Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында жаңбыр аз жауып, жер-ана шөліркейді деп күтілуде.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06