Ресейде ауыл шаруашылығына арналған техниканың сатылымы айтарлықтай төмендеді. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда фермерлер техниканы 40 пайызға аз сатып алған. Әсіресе астық жинайтын комбайндар мен тракторларға сұраныс төмендеген. Алайда, мамандардың айтуынша, Ресейдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының техникалық паркінің 70 пайызы ескірген.
Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің техниканы жаңартуға қаражаты жоқ, себебі Ресей Орталық Банкінің базалық мөлшерлемесі 21 пайызға дейін жетіп отыр. Бұл жағдай астық түсімінің көлеміне теріс әсерін тигізуі мүмкін, ал биылғы жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда екі есе аз болатыны болжануда.
Александр Васин, кәсіпорын басшысы:
«Әзірге қоймада қосалқы бөлшектер мен қажетті құрал-жабдықтар бар. Сондықтан комбайндар мен тракторларды жеткізе аламыз. Дегенмен сұраныс жоқ, сондықтан серіктестер арқылы басқа елдерге жеткізу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Санкциялардың салдарынан біздің шығаратын техника түрлері де азайды».
Индира Бегайдар
