Түркияда террорлық ұйым қаруын тастады
40 жылға жуық Түркия билігіне қарулы қарсылық көрсетіп келген «Күрдістан жұмысшы партиясы» террорлық ұйымы бүгіннен бастап қаруларын тастап, өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы партияның басшылығы мәлімдеді. Мамандар бұл тарихи шешім жылдар бойы «Террорсыз Түркия» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілген келіссөздердің нәтижесі екенін айтады. Негізгі күштері Ирак пен Сирия жеріндегі Күрдістан аймағында шоғырланған ұйымның қаруларын қалай және қашан тапсыратыны нақтыланып жатыр. 1976 жылы солшыл социалистік бағытта құрылған «Күрдістан жұмысшы партиясы» сексенінші жылдардан бері Түркияға қарсы қарулы шабуылдар ұйымдастырып келген еді.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02