АҚШ-тан өз еркімен кететін мигранттарға 1000 доллар беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тан өз еркімен кететін мигранттарға 1000 доллар беріледі

06.05.2025

АҚШ билігі еліне өз еркімен кететін заңсыз мигранттарға қомақты қаржы төлемек. Ішкі қауіпсіздік министрлігі CBP Home атты арнайы қосымшаны іске қосты. Заңсыз жүрген шетелдіктер осы қосымша арқылы АҚШ-тан өз еркімен кету туралы өтініш қалдырса, көші-қон қызметкерлері оған ұшаққа тегін билет алып береді. Әрі мигрант өз еліне оралғаннан кейін сол қосымша арқылы АҚШ-тан шыққанын растаса, оған 1000 доллар төлемек. Бұл бағдарлама екі жаққа да тиімді болса керек. Шығыны күштеп депортацияларға жұмсалатын қаржыдан кемі 70%-ға арзан дейді мамандар. Жалпы Ішкі қауіпсіздік министрлігінің мәліметіне қарағанда, бір құжатсыз мигрантты ұстау, қамау және елден шығару үшін орташа есеппен 17 мың доллар жұмсалады. Ал Трамп әкімшілігі елден өз еркімен кететіндер АҚШ-қа заңды келу мүмкіндігін сақтап қалады деп отыр. 

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу