Білім кәсіподағының құрылғанына биыл – 100 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім кәсіподағының құрылғанына биыл – 100 жыл

03.05.2025

Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының құрылғанына биыл – 100 жыл. Мерейлі датаға орай Астанада «Ғасырлық тәжірибе: тарихтан тағылым-болашаққа бағдар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері, Мәжіліс депутаттары, сала ардагерлері мен шетелдік сарапшылар қатысты. Олар қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында кәсіподақ қызметін жетілдіру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ сала еңбеккерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғаудың инновациялық тетіктерін енгізу, қызметкерлермен өзара іс-қимылдың жаңа нысандарын дамыту мәселелерін сөз етті. Кәсіподақ өкілдері былтыр ел бойынша 2 мың 653 тексеру жүргізіп, 4 мың 828 еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықтады.

Айгүл Мұқашева, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрайымы:

Қазіргі жиында біздің негізгі мақсатымыз осы. Ғасырдың ішінде кәсіподақ не істеді, қандай қиындықтардан өтті, жетістіктерге жетті, алдымызда тұрған қандай қиындықтарымыз бар содан біз қалай өтуіміз керек деген мақсатпен баяндамалар жасалады.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу