Елімізде жылына 1000 дана жаңбырлатып суару машинасын өндіру жоспарланып отыр. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, отандық жоба - суды егістіктерге бірқалыпты таратуға мүмкіндік беріп, су шығынын 40%-ға дейін азайтады. Бүгінде, бұл құрылғылар еліміздің ауыл шаруашылық саласында кеңінен қолданылуда. Өткен жылы 158 мың гектар егін алқабы жаңа инновациялық технологиялардың көмегімен суғарылған. Мамандардың айтуынша, қуаңшылық жиі болатын өңірлер үшін бұл — ең тиімді шешім. Инновациялық технологияларға шетелдік сарапшылар да қызығушылық танытып отыр. Сондықтан, бұл мәселе 29-30 мамырда өтетін халықаралық Astana International форумында жан-жақты сараланып, талқыланбақ.
Ақерке Молдабек, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі суды үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің бас сарапшысы:
Бізде тамшылатып суару көбіне оңтүстік өңірде пайдаланылды. Жаңбырлату солтүстік өңірде. Жаңағы дәндідақылдар, мал азықтық дақылдарға пайдаланады. Біз 158 мың гектарға дейін суармалы алқапты енгіздік.
Динара Жарқынбек
