Оралда ауладағы электр стансасында тоқ соққан 9 жастағы бала қайтыс болды. Бұдан бұрын денесінің 95 пайызын күйік шалған ер баланың ауыр хәлде жансақтау бөліміне түскенін хабарлағанбыз. Дәрігерлер шұғыл ота жасағанымен, баланың өмірін сақтап қала алмады. Оқиға көпқабатты үйлердің ауласында болды. Ойын баласының добы электр сымдарына кептеліп қалады. Ол қосалқы электр стансасының шатырына шығып, допты аламын дегенде, тоқ ұрған. Төртінші дәрежелі күйік шалған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Жансақтау бөліміне түскенде есін білмеген. Тоқ баланың өн бойынан өтіп, ішкі құрылысын зақымдаған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Болат Әлібаев, БҚО балалар ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі:
Келген кездегі науқастың жағдайы ауыр болды. Юасынан бастап, аяғына дейін екі қол, денесін, екі аяғын күйік шалған. Күйігіне байланысты қол-аяғын ампутация жасауға тура келді. 1-і күні сағат 23:55-те жағдайының ауырлығына байланысты науқас көз жұмды.
Ардақ Мұратқызы
