Алматыда Мұқағали Мақатаев оқулары өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Мұқағали Мақатаев оқулары өтті

06.02.2018

Алматыда зағип және көзі нашар көретін жандар арасында Мұқағали оқулары өтті. Оған мүмкіндігі шектеулі 27 адам қатысты. Солардың тек 16-ы іріктелді. Енді олар 2-ші турда өнер көрсетеді.

Байқау биыл елімізде алғашқы рет ұйымдастырылып отыр. Рухани жарысқа қатысушылар елдің әр қиырынан келген. Сайыстың шарты бойынша, әр үміткер ақиық ақынның екі өлеңін жатқа айтуы тиіс. Ал, алдағы уақытта аталған шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілмекші.

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу