Ақтауда М.Мақатаев атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда М.Мақатаев атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті

28.10.2014
Ақтауда М.Мақатаев атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті

Ақтау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, Мұқағали Мақатаев атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өтті, деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Байқаудың мақсаты - ақын Мұқағали Мақатаевтың қуатты да көркем шығармалары арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, отансүйгіштікке тәрбиелеу, талантты жастарды ынталандырып, әдеби шеберлікке баулу.

Қатысушылар 3 кезеңнен тұратын сайыста бақтарын сынады. Байқауды қорытындылай келе, жүлделі ІІІ орынды №28 орта мектептің оқушысы Утегалиева Ұлболсын мен Маңғыстау гуманитарлық колледжінің студенті Дүзелбаев Мадияр иеленді. Ал, байқау қатысушысы Амандықова Несіпгүл («Қайнар» колледжінің тәлімгері) ІІ орынды місе тұтты. Сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, Мұқағали поэзиясын нақышына келтіріп көркемдеп оқыған Ш.Есенов атындағы КМТжИУ студенті Айтжанова Әсем байқаудың жеңімпазы атанып, І орынды иеленді.

Хабарламаларға жазылу