Түркістан облысында шіркей қаптап кетті. Қазір Отырар мен Шардара аудандары мен Арыс қаласындағы елдімекендерде жұрт шіркейге таланып жатырмыз деп дабыл қағуда.
Тіпті облыс орталығы Түркістан қаласын да зиянкес жәндіктер басып қалған. Ал Сырдария өзені мен Көксарай су қоймасына жақын орналасқан ауылдарда тұрғындар сыртқа шығудан қалдық дейді. Шіркейлер адамдарды шағып, қып-қызыл жара қылып жібереді екен. Олардан қорғану үшін бұқара тұмшаланып, тор бас киімдерді бастарынан тастамайтын болған. Шіркей адамдарды ғана емес, үй жануарларын да шағып тастайды. Зиянкестермен күресуге жылда миллиондаған қаражат бөлінгенімен, нәтиже жоқ. Осыған қатысты Отырар ауданының тұрғындары мәселені облыс әкімінен шешіп беруді сұрады.
Нұралхан Көшеров, Түркістан облысының әкімі:
Енді бұл мәселені айтатын болсақ, тек қана Отырар ауданы емес, бұл облыс көлеміндегі күрделі мәселе. Бұл бағыт бойынша биылғы жылы бюджеттен біз 1,5 млрд теңге қаржы бөлдік. Мердігер анықталған мен ойлаймын мұны да жеңеміз.
Айнұр Ақбаева
