Елімізде жол қауіпсіздігінің стратегиясы дайындалады
Бес жыл ішінде жолдағы апаттан өлім-жітімді 30%-ға төмендету керек. Дәл осындай мақсатпен Қазақстанда жол қауіпсіздігінің стратегиясы әзірленіп жатыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар алаңында айтылды. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, жол қауіпсіздігі саласындағы әрбір мемлекеттік орган үшін жеке жұмыс жоспарлары қамтылмақ. Бұл Қазақстан заңнамасына түзетулер жасауға, автожолдарды қолдану мен жобалаудан бастап пайдалануға дейін аудит пен қозғалыс қауіпсіздігінің инспекциясын енгізуге мүмкіндік бермек, - дейді мамандар.
Ерік Әмірбаев, «ҚазЖолҒЗИ» АҚ вице-президенті:
Стратегияны дайындау барысында жол қауіпсіздігі саласында жақсы нәтижелерге қол жеткізген Швеция, Чехия, Оңтүстік Корея және Жапония елдерінің тәжірибесіне назар аударылады. Бұл елдердің әдістері біздің елдің жағдайына және менталитетіне сай бейімделеді. Құжат Қазақстанда жол-көлік оқиғаларын азайтып, адамдардың өмірін сақтау үшін тиімді жүйе қалыптастыруға негіз болады.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22