АҚШ-та аутизмнің экологиялық себептері анықталмақ
АҚШ-та аутизмнің таралуына қатысты экологиялық факторларды анықтау үшін жаңа зерттеулер жүргізілмек. Елдің денсаулық сақтау министрі Роберт Кеннеди осылай деп мәлімдеді. Баспасөз мәслихатында министр зерттеу кезінде ауа, су, тамақ, ультрадыбыс, ата-аналардың жасы, семіздік пен диабет деректері есепке алынатынын айтты. Аутизмнің неден пайда болатыны белгісіз. 2000 жылдан бастап АҚШ-та мұндай диагноз көбейген. Кеннедидің айтуынша, зерттеу нәтижелері қыркүйекке таман белгілі болады.
Роберт Кеннеди, АҚШ-тың Денсаулық сақтау министрі:
Аутизм қоршаған ортаның әсерінен болады. Ген эпидемия тудырмайды. Экологиялық токсинді іздеп табуымыз керек. Біреулер сол уытты ауаға, суға, дәрі-дәрмекке, тамаққа қосып, пайда тауып отыр. Екі-үш аптада аутизмге әкелетін экологиялық токсиндерді анықтау бойынша зерттеулер басталады.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03