Өнер ұжымы Ерлан  Біләлге араша түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өнер ұжымы Ерлан  Біләлге араша түсті

08.01.2018

 

1 жарым млн теңге көлемінде пара алды деп айыпталған белгілі актер Ерлан Біләл бәзбіреулердің қитұрқы әрекетінің құрбаны болды. Бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген Қазақстан театрлар қауымдастығының мүшелері осылай деп араша түсті.

 

Олардың сөзінше, бұл жағдай - тұтас театр өнеріне жасалған қиянат. Мұның барлығы арнайы ұйымдастырылған. Сондықтан, ақшаны берушілерді де жазалау керек. 

 

Сондай-ақ, шығармашылық интеллигенция өкілдері Ерлан Біләлді ұстау кезіндегі суретті әлеуметтік желілерге таратқан азаматтарды да іздестіріп жатыр.

 

Өйткені, жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері суретті ешкімге бермегенін ресми түрде жариялаған. Ал, кез келген заңға бағынған азамат мұндай суреттерді таратпауы тиіс. Себебі, «тергеу құпиясы» сақталуы керек.

 

 

Амангелді СЕЙІТХАН  

Хабарламаларға жазылу