«Қамшы» ақпараттық порталы жариялаған «Алаш арыстарының ізбасарлары» анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қамшы» ақпараттық порталы жариялаған «Алаш арыстарының ізбасарлары» анықталды

26.12.2017

Алаш орданың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада елдің кемелденуіне айрықша үлес қосқан сан саланың үздіктері таңдалған. Халықтың дауыс беруі арқылы 50 адамға «Алаш арыстарының ізбасары» медалі табысталды. Құрметке ие болғандардың көш басында танымал тұлғалар тұрса, ең жас ізбасар ретінде әлемдік жарыстырда жеңімпаз болып, мемлекет мерейін асқақтатып жүрген шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік сияқты жастар бар. Сондықтан, салтанатты кешке жиналғандар «Бұл марапат Алаш идеясын індете зерттеп қайта жаңғыртуға жол ашады», - дейді.     

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу