Тәуелсіздік пен Қазақ көшіне 25 жыл толуына орай «Көш және Көшбасшы» атты ауқымды шара өтті
Тәуелсіздік алғалы елімізге 1 миллионнан астам қандасымыз көшіп келген.
Жалпы, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған кезде елімізде демографиялық жағдай көршілес мемлекеттермен салыстырғанда өте төмен болған. Ел еңсесін тіктеп үлгермеген сол бір елең-алаң шақта Елбасы 29 желтоқсан күні Қазақ радиосынан шетелдегі қандастарымызға үндеу жариялады.
Онда «Біз Тәуелсіздік алдық, атажұртқа келемін деген қандастарымызды құшақ жая қарсы аламыз», дегені жұрттың есінде. Содан кейін сырттағы ағайындарға Қазақстанның есігі айқара ашылды. Сол бір тарихи сәтке орай Алматыда «Көш және Көшбасшы» атты ауқымды концерт өтті. «Қамшы» порталы мұрындық болған кешке «Қазақстан» Ұлттық арнасы ақпараттық қолдау көрсетті.
Алмат ӘБДІРАМАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Кабулде 400 адам Пәкістан шабуылынан қаза тапты
17.03.2026, 13:21
Ертіс өзенінде майлы дақтар пайда болған
17.03.2026, 13:15
Павлодар өңірінде 58 елді мекенді су басу қаупі бар
17.03.2026, 13:12
«Наурыз» бағдарламасына өтінім біраз уақыт қабылданбайды
17.03.2026, 13:09
Астанада 3 мың оқушы бір уақытта асық ойнады
17.03.2026, 13:06
1500 оқушы бір мезетте бес асық ойнап, рекорд жасамақ
17.03.2026, 13:03
Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды
17.03.2026, 13:00
Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовке елордадан екі бөлмелі пәтер сыйға берілді
17.03.2026, 10:30