Қазақ елінің 550 жылдығына орай шығармашылық бәйге ұйымдастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ елінің 550 жылдығына орай шығармашылық бәйге ұйымдастырылады

24.10.2014
Қазақ елінің 550 жылдығына орай шығармашылық бәйге ұйымдастырылады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы республика деңгейінде тойланатынын жеткізді.

Осыған байланысты «Қамшы» ақпараттық порталы Қазақ елінің 550 жылдығына орай шығармашылық бәйге ұйымдастырады. Шығарма мазмұнына шектеу қойылмайды, тек мақала бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған болуы шарт.

Материалдар 2015 жылдың 1 наурызына дейін қабылданып, Ұлыстың ұлы күнінде қорытындыланады. Мақалалар бәйгесінің бас жүлдесі – 500 мың теңге,  жыр мүшәйрасы – 500 мың теңге.

Айта кету керек, жүлделі шығармалар жеке кітап болып басылып шығады.

Хабарламаларға жазылу