Алматыда «Алаш деп ғұмыр кешкен...» атты республикалық конференция өтті

02.03.2017
Алаш зиялылары ашқан «Қазақ» газетінде 1915, 1916, 1917-ші жылдары төте жазумен жарық көрген мақалалар кирилл қарпімен кітап болып шығады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Алаш деп ғұмыр кешкен...» атты республикалық конференцияда айтылды.

Алқалы жиында ғалымдар Алаш қозғалысы тарихының зерттелуіне қатысты орамды ойларын ортаға салды. ХХ ғасырдың басында қазақ халқының болашағы үшін күрескен, ұлттық сана-сезімді оятқан Алаш арыстарының еңбегі мен идеясын бүгінгі жастардың санасына сіңіруге бағытталған міндеттерді пысықтады.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу