Өңірде әлеуметтік нысан көп салынуда. Үш жыл ішінде 21 медициналық нысан мен 15 мектеп пайдалануға берілді. Жаркентте «Жайлы мектеп» ашылды. Онда қазір 1200 бала оқиды. Заманауи стандарттарға сай, озық технологиямен жабдықталған. Жастар еркін дамуда, дейді басшылық.
Айгүл Дәрубаева, мектеп директоры:
Барлық пән бойынша 64 пән кабинеті бар. Қазіргі заман талабына сәйкес барлығы жабдықталған және 7 модификациялық кабинет бар. Соның ішінде биология, фихзика, химия, СТЕМ лабораториясы, робототехника кабинеттері барлық талапқа сәйкес.Ғабит Ұзақбай
