30 жылда ШҚО-да 144 мектеп салынған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

30 жылда ШҚО-да 144 мектеп салынған

28.07.2021

Тәуелсіздік алғаннан бері Шығыс Қазақстанда 144 мектеп, 27 балабақша және 453 спорт нысаны салынды. Тек соңғы үш жылда Өскеменде роботохирургия, политравма, ортопедия, пульмонология, офтальмохирургия орталықтары ашылған. Облыстық балалар ауруханасы пайдалануға берілді. «Игі істер марафоны» ұлттық жоба аясында 2 мыңнан астам әлеуметтік және қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, облыстағы 16 мыңнан астам тұрғынға көмек көрсетілген.

Ал Түркістан облысында «Қайырымды істер марафоны» аясында жарты жылда 160 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді. Әрі бұл бастама бойынша 300-ге жуық шара өткізіліп, 9 мыңға жуық мұқтаж жанға жәрдем берілген. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылып жатқан шаралар шеңберінде көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға және әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға ақшалай қолдау көрсетілген.

Берік Көшербай, Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу