Ертеңнен бастап тіркелмеген мопедтер айыппұл тұрағына қойылады
Бұл - мопедтер шеруі емес. Көлігін тіркеуге келгендердің ұзын-сонар кезегі. Себебі бүгін мопедтерді тіркеудің соңғы күні. Полиция департаментінің мәліметінше, ертеңнен бастап тіркелмеген мопедтер айыппұл тұрағына қойылып, иелері жауапкершілікке тартылады.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, мопедтерді механикалық көліктерге теңестірудегі себеп – мұндай көлік санының жыл сайын артуы және олардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының көбеюі. Мәселен, былтыр елімізде мопедтердің қатысуымен 1800-деп астам жол апаты тіркеліп, 76 адам қайтыс болған. 2 мыңға жуық жолаушы жарақаттанған.
Айдын Меркімбаев, қалалық ПД әкімшілік Полиция басқармасы процессинг орталығының басшысы:
5 сәуірден бастап заң күшіне енеді. Бұл күннен әрі қарай мопедті тіркеп үлгермегендерге тіркеу жалғасады. Арнайы жасақталған мото бөлімшесі бар. Сол бөлімше ертеңнен бастап жұмысын бастайды. Сол себепті ертеңнен бастап, қандай да бір әкімшілік жазаға тартылатын болса, ол азаматтардың бәріне жаза қолданады.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азиада: Жеңіл атлеттеріміз финалда
29.09.2026, 17:35
Г.Асфендиярова және қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі
29.09.2026, 17:33
Жамбыл облысында 100 жыл химия өнеркәсібіне еңбегі сіңген әулет тұрады
29.09.2026, 17:32
«Қазатомөнеркәсіп» үздік мамандарды марапаттады
29.09.2026, 17:30
Атырау облысының Жамансор ауылында жаңа мектеп ашылды
29.09.2026, 17:27
Астанада 143 вандал жауапкершілікке тартылды
29.09.2026, 17:25
Ресейде мутацияға ұшыраған вирус көбейді
29.09.2026, 17:22
Нетаньяху БАӘ-ге тығылып барған
29.09.2026, 17:20