Алматы шаһарындағы аялдамалар толық жаңарады
Алматыдағы аялдамалар алдағы 2 жылда толық жаңартылады. Бұл туралы қала әкімі Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты. Ерболат Досаевтың сөзінше, бұл мақсатта арнайы бағдарлама әзірленген. Жобаға сәйкес адам көп жүретін аялдамалар үлкейіп, ал жолаушылары азы кішірейеді. Жобалау-сметалық құжаттама дайын болса, ауқымды жұмыс күзде басталады. Бұған дейін Президент Алматы әкіміне қаланы жарықтандыру, көшелер мен аулаларды абаттандыру, экологиялық ахуалды жақсартуға қатысты бірқатар тапсырма берген. Шаһар басшысымен кездесуде тұрғындар Алматыдағы аялдамаларды ұлттық ою-өрнекпен әрлеп, жаңартуды ұсынды.
Ерболат Досаев, Алматы әкімі:
Алдағы 2 жыл ішінде қаладағы аялдама кешендерін жаңартамыз. Онда тиісті автобус бағыттары бойынша ақпараттық тақта болады. Темір аялдамаларды алмастыруға тырысамыз. Әдемі аялдамалардың көбі инвесторлар есебінен істелгенін айта кетейін. Бағдарлама аясында жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылады.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада фиджитал-футбол жарысы өтіп жатыр
04.08.2026, 13:22
Алматыда қалдықтарды сұрыптауға арналған цифрлық платформа іске қосылды
04.08.2026, 13:20
Оралда жазасын өтеушіден пара алған лауазым иесі сотталды
04.08.2026, 13:17
Семейде құрылыс кезінде адам сүйектері табылды
04.08.2026, 13:15
Ресей Мароккодан 30 мың тонна бензин алған
04.08.2026, 13:12
Оңтүстік Кореяда ыстықтан 16 адам қайтыс болды
04.08.2026, 13:10
Еліміздің басым бөлігінде күн бұзылады
04.08.2026, 13:07
ОСК төрағасы байқаушылармен кездесті
04.08.2026, 13:05