«Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені биыл қолданысқа беріледі
Бәйтерек ғарыштық зымыран кешені биыл қолданысқа беріледі. Жыл соңыңда ұшыру аймағына сынақ жүргізіліп, алғашқы әуе кемесі космосқа аттанады. Бұл туралы ғарышкер, халық қаһарманы Айдын Айымбетов астаналық студенттермен кездесуінде айтты. Жиында білімгерлердің сұрақтарына жауап беріп, бұл істің қызығы мен қиыншылықтарына тоқталды. Айдын Ақанұлы 2015 жылы ғарышқа аттанған. Әуе кеңістігінде 10 күн болып, айтулы физикалық-ғарыштық зерттеу жасады. Жас буынмен тілдескен тұлға білімгерлерді осы бағытта ізденіп, аспан әлемін бағындыруға шақырды. Технократтардың көбеюуі ел дамуының негізгі факторы екенін атап өтті.
Айдын Айымбетов, ғарышкер, Халық қаһарманы:
Жаңа ғарыштық зымыран кешені бізге көп мүмкіндік береді. Ешкімге тәуелді болмай, өз адамдарымызды аспан әлемін зерттеуге жібере аламыз. Қаржылық тұрғыда да тиімді. Бүгінге дейін бізден 3 ғарышкер шықты. Енді осы салаға қызығушылықты арттыруымыз керек.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азиада: Жеңіл атлеттеріміз финалда
29.09.2026, 17:35
Г.Асфендиярова және қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі
29.09.2026, 17:33
Жамбыл облысында 100 жыл химия өнеркәсібіне еңбегі сіңген әулет тұрады
29.09.2026, 17:32
«Қазатомөнеркәсіп» үздік мамандарды марапаттады
29.09.2026, 17:30
Атырау облысының Жамансор ауылында жаңа мектеп ашылды
29.09.2026, 17:27
Астанада 143 вандал жауапкершілікке тартылды
29.09.2026, 17:25
Ресейде мутацияға ұшыраған вирус көбейді
29.09.2026, 17:22
Нетаньяху БАӘ-ге тығылып барған
29.09.2026, 17:20