Павлодар облыстық сотының мұражайы ерекше жәдігермен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облыстық сотының мұражайы ерекше жәдігермен толықты

05.12.2017

Ол – 1891 жылы Ресейде жасалып, қазақ билеріне берілген төсбелгі. Иесі тұңғыш қазақ академигі, көрнекті геолог, қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың әкесі Имантай би. Имантай ғана емес, оның әкесі Сәтбайдың да қазылық қызмет атқарғаны жайлы тарихи деректер бар. Мәселен, мейлінше әділ болып, төрелік айтушыға ұсынылатын «сыбаға» атаулыға қызықпаған, әлділердің әлсіздерге қиянат жасауларына жол бермегені айтылады. Ең қызығы, Қаныш Сәтбаевтың өзі де еңбек жолын халық соты қызметінен бастаған. 20-ға енді толған шағында Семей губерниясы, Баянауыл болысындағы 10-шы учаскелік сотта қазылық қызметке тағайындалған. Сол уақыттың өзінде билік айтуда демократиялық үрдістерге басымдық беріп, сот жүйесін жетілдіру мәселелерін көтерген.   

Ербол Жанғазин, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы:

- Патша заманы кезінде лауазымдық белгі берген кезде жергілікті халықтың пікірін де ескергені көрініп тұр. Өйткені, сот белгісінде біздің жұлдыз бен ай, мұсылмандық белгіміз, екінші жағынан оның ішінде біздің түйеміздің суретін салып, Петербордан келген ол кезде. Біздің атадан қалған мұраны енді аманат ретінде сақтаймыз деп уәде береміз.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу