БҚО-да екі ай ішінде 130 тұрғын алаяққа алданған
Батыс Қазақстан облысында екі айда алаяқтардың арбауына түскен 130 тұрғын 200 миллион теңгесінен айырылған. Прокурорлар «Киберпол» қызметін сынға алды. Талдауларынша, полицейлер онлайн дүкендердегі ұсақ алаяқтарды ұстаумен ғана шектеліп отыр. Банктер мен байланыс операторлары да азаматтардың жеке деректерін қорғауды тиісті деңгейде қамтамасыз етпейді. Тергеу барысында алаяқтар жәбірленушілердің шотындағы қаржы туралы алдын ала біліп отырғаны анықталды. Тіпті, бірнеше банк қызметкері жеке деректерді бейтаныс біреулерге сатқан.
Азамат Кустанов, облыс прокурорының орынбасары:
Екі айда алаяқтық қылмысы 44 пайызға өсті. «Киберпол» қызметі әлі күнге дейін қылмыстық топтарды анықтаған жоқ. Бірде-бір SIM box табылмаған. Жұмысқа IT мамандарды тарту мәселесі шешілмеген. Тергеу сапасы да төмен. Өндірістегі 118 істің тек үшеуі сотқа жолданған. Сондай-ақ, азаматтардың жеке деректерін қорғауды қамтамасыз етпейтін банктер мен байланыс операторларының жауапкершілігін арттыру керек.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жазғы лагерьлерге 3,7 млн оқушы барады
29.04.2026, 20:57
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
29.04.2026, 20:51
100 мың түлек бір мезетте ағаш отырғызды
29.04.2026, 20:49
Елде дәрі-дәрмек өндірісі артады
29.04.2026, 20:47
5200 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
29.04.2026, 20:10
Мәжіліс жеке сот орындаушыларына қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобасын мақұлдады
29.04.2026, 20:09
Qostanai tech - ғылым мен инновация алаңы
29.04.2026, 20:08
4600-ден астам адам ағза ауыстыруға зәру
29.04.2026, 20:07