Мәскеуде режиссер Ақан Сатаевтың «Она» фильмінің премьерасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде режиссер Ақан Сатаевтың «Она» фильмінің премьерасы өтті

30.11.2017

Енді бұл туындыны бүкіл Ресей бойынша 350 кинотеатр көпшілікке көрсетеді. Осылайша, отандық кинематография тарихында тұңғыш рет қазақстандық фильм танымал америкалық «20th Century Fox»  киностудиясының қолдауымен Ресей және ТМД елдеріне таралады. Фильмдегі оқиға желісінің авторы – басты рөлді сомдаған қазақстандық әртіс Айсұлу Әзімбаеваның өзі. Кинокартинада негізгі екі кейіпкердің, яғни, анасы мен қызының арасындағы күрделі қарым-қатынас суреттелген.

Естеріңізге сала кетейін, Ақан Сатаевтың бұл туындысы әлем бойынша алғаш рет Пусан халықаралық кинофестивалінің аясында көрсетіліп, сыншылардың жоғары бағасына ие болған.    

Айсұлу Әзімбаева, басты рөлді сомдаған әртіс:

- Фильм 19 күн қатарынан үзіліссіз түсірілді. Туындыны бар-жоғы 3 әртіс қана алып шықты. Мен түсірілімнің басынан-аяғына дейін қатыстым. Бұл рөлді орындау, әрине, психологиялық тұрғыда ауыр болды. Режиссер Ақан Сатаев триллер жанрын жақсы көреді және оның тәжірибесі де мол. Сондықтан, бүкіл ТМД елдері көретіндей лайықты дүние болды деп ойлаймын.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу