Қасым хан туралы кино түсіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым хан туралы кино түсіріліп жатыр

26.02.2021
Қасым хан туралы кино түсіріліп жатыр

Алматы облысының Жаркент ауданында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» атты тарихи көркем фильмінің түсірілімдері басталды. Кинотуындыны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы түсіреді. Бұл туралы киностудияның баспасөз қызметі хабарлады.

Ауа райының уақытша суығаны түсіру тобына қыс мезгіліндегі табиғатты түсіріп алуға мүмкіндік берді. Өндіріс кестесіне сәйкес, 2 күннен кейін түсірілім тобы өз жұмыстарын жалғастыру үшін Кеген ауылының маңына көшеді.

Фильмде Қазақ хандығында Қасым хан билік еткен кезеңде мемлекет өркендеп, Шығыс Дешті Қыпшақтың кең аумағына бақылау орнатылғаны туралы баяндалады. Дәл осы жылдары қазақтар дербес этникалық қауымдастық ретінде біздің аумақтан тыс жерлерге де белгілі болды.


қасым хан қазақ хандығы кино фильм

Хабарламаларға жазылу