Қазақстан, Өзбекстан мен Әзірбайжан жасыл энергияны бірлесе дамытады
Қазақстан, Өзбекстан мен Әзірбайжан жасыл энергияны бірлесе дамытады. Үш ел арасында стратегиялық әріптестік туралы келісімді ратификациялау бойынша қаулыға өзбек елінің басшысы қол қойды. Бұл туралы Өзбекстанның әділет министрлігі хабарлады. Келісім өткен жылдың соңында үш мемлекет басшыларының қатысуымен қабылданған. Енді осы халықаралық шарт күшiне еніп, тиісті органдар оның орындалуын қамтамасыз етеді. Энергетика саласындағы ынтымақты өзара тәжірибе алмасуды арттырып, озық технологияларды қолдануға жол ашады. Ең бастысы энергетикалық қауіпсіздікті нығайтады.
Пол Долман, Шығыс Англия университетінің профессоры, сарапшы:
Жаңартылған энергияға көшу – экономикалық тұрғыда да, қоршаған ортаны қорғау тұрғысында да маңызды. Жоба аясында түрлі ғылыми зерттеулер жүргізілді. Спутниктік таратқыштармен жабдықталған құрылғылар орнатылды. Табиғатта шекара жоқ, яғни бұл Орталық Азияда орналасқан елдердің барлығына ортақ жоба.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
28.06.2026, 12:18
Еуропа кеңесі Қазақстандағы конституциялық реформаларды қолдады
27.06.2026, 16:48
Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді
27.06.2026, 10:50
2 есе жұмысқа – екі есе ақы
26.06.2026, 20:16
Президенттің атынан отандық үздік БАҚ өкілдері марапатталды
26.06.2026, 20:15
Президент атынан БАҚ өкілдеріне 66 пәтер берілді
26.06.2026, 20:14
Мобильді аударым: 115 мыңға жуық адамға ескерту жіберілген
26.06.2026, 20:11
«Әділет» партиясында ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңес құрылды
26.06.2026, 20:10