Түркістан облысында «Наурыз көктем» сән шеруі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында «Наурыз көктем» сән шеруі өтті

19.03.2025

Түркістан облысының Арыс қаласында «Наурыз көктем – Этно Fashion» ұлттық киімдердің сән шеруі өтті.

Ұлттық киім киген 500 ге жуық тұрғын қаланың басты көшелерінің бірі – Әл-Фараби даңғылынан Орталық алаңға дейін жүріп өтті. Қазақы киім кию мәдениеті мен халқымыздың салт-дәстүрі насихатталды. Ақжаулықты әжелер мен ақсақал қарияларға дейін бұл шарадан шет қалмады. Ал жастар жағы бүгінгі заманға сай сәнге айналған ұлттық киімдерді көпшіліктің назарына ұсынды.

Айнұр Әбілқасымқызы

Хабарламаларға жазылу