Сән әлеміне ұлттық нақыштағы корсет пен күртешелерді әкелген Мақпал Әбутәліптің мамандығы физик - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сән әлеміне ұлттық нақыштағы корсет пен күртешелерді әкелген Мақпал Әбутәліптің мамандығы физик

14.05.2018

Заманауи стиль мен ұлттық нақышты ұштастырған киім үлгісі биылғы көктем мен күзде сәнге айналды. Оны сәнге айналдырған Мақпалдың Әбутәліптің негізгі мамандығы  - физик. Өзі жақсы көріп таңдаған саласы. Табиғатынан біреудің жасағанын қайталағысы келмейді. Өзі киетін киімді өзгертіп, ерекшелегенді жақсы көреді. Осылайша, бойжеткен сән әлеміне ұлттық нақыштағы корсет пен күртешелерді әкелді.

Киімге сурет салу кейінгі он жылда дамыған бағыт. Дегенмен, ою-өрнекті күнделікті киім-кешекте пайдалану жақында ғана қолға алынды.

«Қазақта 2000-нан астам оюдың түрі бар екен. Оларды күнделікті өмірде көп қолдана бермейміз. Көбіне эстрада жұлдыздары киеді немесе Наурыз кезінде еске алынады. Сондықтан, сән әлемінде ою ұмытылып бара жатыр. Алда заманауи стиль мен ұлттық ою-өрнекті үйлестіріп, күнделікті киім-кешек жасап көремін», - дейді Мақпал Әбутәліп.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу