Қызғалдақ жұлған қазақстандықтар айыппұл арқалауы мүмкін
Көктемде қызғалдақ теріп, айыппұл арқалап жүрмеңіз. Экология министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады. Күн жылысымен демалысқа шығып, қызғалдақ жұлатындар көп. Бірақ, абай болған абзал. Елде бұл гүлдің 18 түрі «Қызыл кітапқа» енген. Сондықтан заңмен қорғалады. Соның бірін білместікпен жұлған жағдайда да азамат жауаптан жалтара алмайды. Қылмыстық кодекстің 339-бабына сәйкес іс қозғалады. Қылмыстың ауыртпалығына орай, бас бостандығынан айыру жазасы немесе 3000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу қарастырылған. Сондықтан, алдын ала өсімдік түрлерімен танысып алған жөн дейді ведомство өкілі.
Данияр Тұрғамбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы:
Көбіне жол үстінде адамдар қызығып тоқтап жұлып жатыр. Сол жерде міндетті түрде толық тағы бір ескерту аншлагтарын орнататын боламыз. Ол осы көбінесе Алматы, Жетісу , Түркістан облыстарында былтыр байқалды сондай фактілер. «Қызыл кітапта» болғандықтан, міндетті түрде ең бірінші қылмыстық іс қозғалады. Шығын болмаса да, бірақ қылмыстық іс қозғалады.
Еске салайық, былтыр 22 жастағы студент Түркістан облысында «Грейг» қызғалдақтарын терген видеоны әлеуметтік желіге салып, басы дауға қалды. Студентке 11 млн теңге айыппұл салынған еді.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай облысында 1 шақырымнан астам аумақ тазартылды
16.04.2026, 20:28
Сенек ауылында құм көшкінін тоқтату үшін 5 мыңға жуық сексеуіл мен жүзген егілді
16.04.2026, 20:26
Семейде жылу орталығының құрылысы басталды
16.04.2026, 20:24
Түркияда халықаралық парламент ассамблеясының 152-отырысы өтіп жатыр
16.04.2026, 20:22
«Әділет» партиясы тіркелу үшін Әділет министрлігіне құжат өткізді
16.04.2026, 20:21
Сыртқы істер министрлігі қажылыққа баратын Қазақстан азаматтарына ескерту жасады
16.04.2026, 20:20
Таяу Шығыстағы соңғы ахуал
16.04.2026, 20:17
Дүниежүзілік банк Қазақстанның экономикалық бастамаларын қолдауға дайын
16.04.2026, 20:17