Трамп: Ресей соғысты уақытша тоқтатуға келіседі деп үміттеніп отыр
АҚШ Президенті Дональд Трамп бүгін Ресей де соғысты уақытша тоқтатуға келіседі деп үміттеніп отырғанын айтты. АҚШ пен Украина өкілдері әзірлеген жоспар бүгін-ертең Ресей тарапымен өтетін кездесуде талқыланбақ. БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Трамп үш жылға созылған соғысты бірнеше күн ішінде толық тоқтатып, бейбіт келісімге келуге болатынына сенімді. Ол осы аптада Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесуді жоспарлап отыр. Ал Украина президенті Владимир Зеленскийді Ақ Үйге қайта шақыратынын мәлімдеді.
Өткен айда Ақ Үйдегі кездесуде екі лидердің арасында келіспеушілік болып, Зеленский Вашингтоннан минералдар туралы маңызды келісімге қол қоймай, кетіп қалған еді.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
Украина аз уақыт бұрын ғана соғысты тоқтатуға келісті. Енді Ресеймен сөйлесуіміз керек, президент Путин оған келісер деп үміттенеміз. Сонда біз бұл қанды соғысты тоқтата аламыз. Әр апта сайын екі тараптан екі-үш мың, кейде төрт мың сарбаз қаза тауып жатыр. Қалаларда бейбіт тұрғындар да жарылыстардан мерт болуда. Біз осы соғысты тоқтатқымыз келеді. Ресей тарапымен бүгін немесе ертең кездесеміз. Мәмілеге келеміз деп үміттенемін. Егер біз Ресейді көндірсек керемет болар еді.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26
Жол қозғалысы ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілді
08.05.2026, 20:15
Балаларға арнайы көмек кабинеттері ашылады
08.05.2026, 20:15
Түркістанда 286 мың гектар аумақты шегіртке жайлаған
08.05.2026, 20:15
Бала қауіпсіздігі – басты міндет
08.05.2026, 20:14
Цифрландыру – ел дамуының көрсеткіші
08.05.2026, 20:12