АҚШ-Украина келіссөзі жүріп жатыр
Сауда Арабиясының Джидда қаласында Украина мен АҚШ өкілдері арасында келіссөздің бірінші раунды 3 сағаттан астам уақытқа жалғасты. Тараптар шағын үзілістен соң қайта бас қосқан. Кездесудің басты тақырыбы - Украина мен Ресей арасында үш жылға созылған соғысты аяқтау. АҚШ жағынан келіссөзге мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесші Майк Уолтц қатысып жатыр. Ал Украина тарапынан келіссөзге президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак, сыртқы істер министрі Андрей Сибига және қорғаныс министрі Рустем Умеров барған. Келіссөз қалай өтіп жатыр деген сұраққа америкалық делегация өкілдері «жақындап қалдық» деп жауап берген. Ал Украина жағы «жұмыс жүріп жатыр» деп мәлімдеді.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөлге қосымша электр желісін тартып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07