Астанада «Шабыт» фестивалі мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Шабыт» фестивалі мәресіне жетті

08.11.2017

Астанада жиырмасыншы «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі мәресіне жетті. Қорытынды гала-концертте алты аталымның үздіктері анықталып, сый-құрметке бөленді. Ал, қазылардың шешімімен Президент кубогы скрипкашы Жібек Мұсағалиеваға бұйырды. Астаналық ару бүгінгі олжа көп жылғы жұмыстың жемісі екенін жеткізді.

Айта өтейік, биылғы фестиваль «Классикалық музыка», «бейнелеу өнері», «халық музыкасы», «үздік әдеби шығарма» және «актерлік шеберлік» аталымы бойынша өтті. Жаһандық өнер жарысына бес жүзден астам адам қатысты. 

Жібек Мұсағалиева, ҚР Президенті кубогының иегері:

- Елбасы кубогын алды дегенде ерекше сезімде болдым. Мен ол сезімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Жылдар бойғы еңбегім еленді деп есептеймін. Мені қолдаған ұстазыма, ата-анама алғысым шексіз.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу