Америкалық әскерилер Киевке барлау мәліметін беруді де тоқтатты
АҚШ Киевке барлау мәліметін беруді де тоқтатты. Мұны АҚШ-тың Орталық барлау агенттігінің директоры Джон Рэтклифф растады. Бұл Украинаның соғыс алаңында Ресей күштерін нысанаға және оған тойтарыс беру қабілетін айтарлықтай қиындатуы мүмкін. Осылайша, АҚШ Украинаны қайткенде де келіссөз жүргізуге мәжбүрлемек. Кеше Владимир Зеленский бұған дайын екенін әлеуметтік желі арқылы білдіріп, Трапқа үндеу тастаған еді. Соғыс басталғалы бері АҚШ Украинаға маңызды барлау ақпаратын, оның ішінде әскери мақсаттарға арналған маңызды деректі беріп келді.
Майк Уолтц, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің кеңесшісі:
Біз артқа шегініп, өзара қарым-қатынастың барлық аспектісін қайта қарап жатырмыз. Бірақ мен осыдан бірнеше минут бұрын Украина Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің кеңесшісімен телефон арқылы сөйлестім. Келесі келіссөздер үшін делегацияларды, тақырыпты таңдау мәселелері бойынша жақсы талқы болды. Зеленскийдің соңғы қоғамдық мәлімдемесінен кейін бұл мәселеде жақын арада ілгерілеу болуы тиіс.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөлге қосымша электр желісін тартып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07