Маңғыстау облысында тұрғын үй сапасыз болып шықты
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға сапасыз салынған баспана берілген.
3 қабатты 30 пәтерлі тұрғын үй 2022 жылы бой көтерген. Тұрғындар жаңа баспананы қызықтап үлгермегендерін айтады. Себебі алғашқы жаңбырдан пәтерге су кетіп, қабырғалары жарылған. Жылуы да мардымсыз, салдарынан үйдің іші көктеп кеткен. Су мен электр энергиясы да жиі өшіріледі. Ұзақ жыл тұрғын үй кезегінде тұрып, алған баспаналары осындай сапасыз болғанына қынжылады.
Нұрсұлтан Аманшаев, Маңғыстау ауылының тұрғыны:
Үйді жақсылап жөндеп берсе дейміз. Су өтпейтіндей етіп жасау керек. Адам тұратындай ету керек. Менің бір сұрағым бар - стандартқа сай келмейтін үйді әкімшілік не үшін қабылдап алады, адамдарға не үшін береді?
Ғабит Салихов, Мұнайлы аудандық ТҮКШ және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:
2022 жылы да мәселе болды. Ағымдағы жөндеуді кішкене жасатып алғанбыз. Енді қазір сотқа беріп, 28 қаңтарда сот бізге жеңіп берді. Ағымдағы жөндеу, қайта қалпына келтіру кемшіліктерді орындауды талап етіп отырмыз. Бізге қазір бастысы - үйдің үстінгі бетін қалыпқа келтіру.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07