Ресейде салықтан жалтарған блогер Елена Блиновская 5 жылға сотталды
Ресейде адамдарға «армандауды үйрететін» онлайн курс сатқан блогер Елена Блиновская 5 жылға сотталды. 43 жастағы блогер салық төлеуден жалтарған. Сот бас бостандығынан айыру жазасынан бөлек, блогерге 1 млн рубль айыппұл салып, төрт жыл коммерциялық қызметпен айналысуға шектеу қойды. Одан бөлек Блиновскаядан мемлекет пайдасына 587 млн рубль өндіріп алу туралы шешім қабылданған. Жалпы Ресейде салықтан жалтарған бірнеше блогерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олардың арасында блогер Валерия Чекалина, жолдасы Артем Чекалин де бар. Ал бизнес жаттықтырушы, танымал блогер Аяз Шабудтинов алаяқтықпен айналысты деп қамауға алынды. Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07