Басты Жаңалықтар Дональд Трамп: Бейбіт келісімді талқылауда елеулі ілгерілеу бар

Дональд Трамп: Бейбіт келісімді талқылауда елеулі ілгерілеу бар

Украиндағы соғысты тоқтатып, бейбіт келісімге келу бойынша Ресей және Украинамен арадағы талқылауларда елеулі ілгерілеу бар. Бүгін АҚШ президенті Ақ үйде Ұлыбритания премьер-министрімен кездесуі кезінде осылай деп мәлімдеді. Алайда, Дональд Трамп Украина НАТО-ға мүше болу туралы мүлдем ұмытуы керек, деді. Ақ үй басшысы Вашингтонда бүгін кешке Украина президентімен кездеседі. Владимир Зеленский мінген ұшақ «Шеннон» әуежайына қонған. Меншікті тілшіміз Жалғас Сәдібекұлы толықтырсын.

Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Ресей өкілдерімен осыдан он күн бұрын алғаш рет Сауд Арабиясында ресми кездескен АҚШ-тың лауазымды тұлғалары бейбіт келісім жасау бойынша Украинамен де жеке кеңесіп үлгергені белгілі болды. Ақ үй басшысы екі жақтың өкілдерін бір үстелдің басына жинамаса да соғысты тоқтату процесінде елеулі жетістік бар, деп отыр.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
Келесі қадамымыз – өте ықтимал бітімге қол жеткізу. Біз оған тез арада қол жеткіземіз деп үміттенеміз. Себебі әр апта сайын украиналық пен ресейлік мыңдаған жас майдан алаңында қаза табуда.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Трамп егер бейбіт келісім жасалса, Ресей сөзінде тұрып Украинаға қайта басып кірмейтініне сенімді. Соғысты тоқтату жайын Трамп АҚШ уақыты бойынша ертең таңертең Ақ үйде Украина президенті Владимир Зеленскиймен де талқылайды. Сондай-ақ екі жақ Украинаның сирек кездесетін минералдарын бірлесіп игеру бойынша құжатқа қол қоймақ.
Дональд Трамп, АҚШ-тың Президенті:
Ертең бейбітшілікке бағытталған прогресс жалғасады, өйткені президент Зеленский Ақ Үйге келеді. Біз тарихи келісімге қол қоямыз. АҚШ Украинаның минералдарын, сирек қазбаларын, мұнай мен газын игеруде негізгі серіктесі болады. Америкалық салық төлеушілер енді Украина өз өзін қорғауға алған жүздеген миллиард долларды тиімді түрде қайтара алады. Менің ойымша, бұл Украина үшін өте жақсы.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Украина үшін жақсы дегені Трамптың айтуынша бұл келісім Украинаға Ресейге қарсы тұру үшін қажет қауіпсіздік кепілі болмақ. Яғни, бейбіт келісімге қол жеткізілмесе, Украина өзін қорғау үшін керек қару-жарақ пен құралдарды қазба байлығын беру арқылы алуына болады дегенді меңзеп тұр. Ал бұған дейін әріптесін сайлаусыз билік тізгінін ұстап отырған «диктатор, сайқымазақ» деп сынаған АҚШ басшысы бүгін журналистердің сауалына жауап беру кезінде Зеленскийді бұлайша сөккеніне өзі де сене алмай таң қалды.
Жалғас Сәдібекұлы
Бөлісу