Өзбекстан да қалың қар астында қалды
Өзбекстанда +20 градусқа дейін жылы болып тұрған ауа райы күрт өзгеріп, бірнеше аймақта қалың қар жауды. Әсіресе таулы аудандарда көктайғақ болып, көлік қатынасы қиындаған. Кей өңірлерде тіпті, жолдар уақытша жабылды. Ташкентте жаңбыр соңы қарға ұласып, түні бойы жауған ақ ұлпа тұрғындарды біраз әбігерге салды. Қаланың коммуналдық қызметі тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Сулы қарды көтере алмаған ағаштар түбірімен қопарылып, жол жиегіндегі бірнеше көлікті зақымдаған. Кейбірі газ құбырына құлап, көпқабатты үйлердің біразы көгілдір отынсыз қалды. Қолайсыз ауа райы Қарақалпақстанда, Бұхара мен Науайы облыстарында да сақталып отыр. Ташкент пен Наманган облыстарында қар көшкіні қаупі жарияланды.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07