Басты Жаңалықтар Ұлыбританияда норовирус өршіп тұр

Ұлыбританияда норовирус өршіп тұр

Англияда норовирус жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті. Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің ақпаратына сәйкес ауруханаларда бос орын жоқ. Ресми дерекке сүйенсек өткен 7 күн ішінде күн сайын мыңнан аса науқас аруханаға түскен. Орта есеппен олардың саны алдыңғы аптамен салыстырғанда 22 пайызға артып отыр.

Норовирус — ішек инфекциясы. Ауру жас талғамайды және әдетте қыс айларында қозады. Негізгі белгілері: құсу, диарея, жоғары температура, бас ауруы және әлсіздік.

Эпидемиолог дәрігерлер жұқтыру фактілерінің көбеюіне байланысты мектептерде уақытша каникул жариялануы керек деп ұсыныс білдіріп отыр. Дәрігерлер спирт қосылған гельдер инфекцияны өлтірмейтінін айтып, қолды жылы сумен сабындап жуу керек деп кеңес береді.

Марина Бекенова


Бөлісу