Ресейде ЖРВИ-ға шалдыққандар саны күрт артты
Ресейде соңғы жеті аптада тұмау өршіп, ауруханалардағы науқас саны 30 пайызға артқан. 49 өңірде инфекция дес бермей тұр. Мамандардың айтуынша, әсіресе H1N1 және В вирустары кең тарауда. Сондықтан өңірлерде сақтық шаралары күшейтіліп, кей жерлерде бетперде тағу міндеттелді. Одан бөлек, адам көп жиналатын шараларда коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР тест талап етіледі. Тұмау және коронавирусқа қарсы вакцинация қайтадан қолға алынды.
Анна Станиславова, дәрігер:
Өзге аурулардан бөлек, коронавирус және тұмауға қарсы вакцинациялау қайтадан жүргізілуде. Қолда бары «Гамковидвак» екпесі және мұрынға тамызатын вакцина. Қыстың соңғы айында үнемі вирус өршіп, тез тарайды. Сондықтан екпе санын көбейттік. Жалпы 5-6 екпе түрі бар.
Табыс салығы өсті
Ал биыл 1 қаңтардан бастап Ресейдің салық жүйесі өзгерді. Табыс салығының жалпы мөлшерлемесі 20-дан 25%-ға дейін өсті. Билік осылайша бюджет тапшылығын шешуге мүдделі. Яғни табысы жылына 2,4 млн рубльге дейінгі азаматтар 13% деңгейінде салық төлейді. Бұл сомадан асып 5 млн рубльге жетсе - 15% салық салынады. 5 млн мен 20 млн рубль аралығында кіріс түссе - 18 %, табысы 50 миллион рубльден асатын тұрғындар 22 пайыз салық төлеуге міндетті. Мамандар бұл соңғы 25 жылдағы салық кодексіндегі алғашқы жүйелік өзгерістер екенін айтады. Сонымен қатар енді өңірлер туристік салық енгізе алады.
Алексей Водоватов, экономист:
Бұл қадам экономикаға оң әсер етеніні сөзсіз. Сонымен қатар енді цифрлы рубль айналымға енгізіледі. Бұл да табысты жасырып қалудың алдын алуға бағытталған. Ол үшін де белгілі мөлшерде комиссия төленеді. Тұрғындар үшін қаншалықты тиімді екенін айту қиын, себебі барлығы бірдей интернетті қолданбайды. Дегенмен цифрлы ақша Қытайда кең тараған. Солардың тәжірибесін ескеру керек.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы