Ресейде тұмау өршіп кетті
Ресейде соңғы бір жарым айда тұмау өршіп, ауруханалардағы науқас саны 30 пайызға артқан. 49 өңірде инфекция дес бермей тұр. Мамандардың айтуынша, әсіресе H1N1 және В вирустары тез тарап жатыр. Сондықтан өңірлерде сақтық шаралары күшейтіліп, кей жерлерде маска тағу міндеттелді. Одан бөлек адам көп жиналатын шараларда коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР тест талап етіледі. Тұмау және коронавирусқа қарсы вакцинация қайта енгізілді.
Анна Станиславова, дәрігер:
Өзге аурулардан бөлек, коронавирус және тұмауға қарсы вакцинация қайтадан жүргізілуде. Қолда бары «Гамковидвак» екпесі және мұрынға тамызатын вакцина. Қыстың соңғы айында үнемі вирус өршіп, тез тарайды. Сондықтан екпе санын көбейттік. Жалпы 5-6 екпе түрі бар.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07