Дональд Трамп украиналық әріптесін сынға алды
Владимир Зеленский Сауд Арабиясындағы келіссөздерге Украина өкілдерінің қатыстырылмағанына наразылық танытқан еді. Бұған қатысты Дональд Трамп пікір білдірді. «АҚШ президентінің Украинадағы соғысты тоқтатуға үш жыл уақыт мүмкіндігі болды», - деп мәлімдеді. Тіпті Украина басшысын іс насырға шаппай тұрып, келіссөздер жүргізу арқылы жерінің көп бөлігі мен жүздеген мың адамының өмірін сақтап қалуы тиіс еді, деп сынға алды.
Дональд Трамп, АҚШ Президенті:
Қанқұйлы соғыс шынымен көңілді құлазытады. Бұл II дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең көп адам қаза тапқан соғыс болып тұр. Олардың келіссөздерге қатыспай қалғанына ренжігенін естідім. Бірақ оларда үш жыл және одан да көп уақыты болды. Бұл мәселе өте оңай шешілер еді. Жартылай дайындалған келіссөз жүргізушінің өзі мәселені бірнеше жыл бұрын-ақ шешіп тастар еді. Меніңше, ертерек қам жасағанда көп жерден айырылмай, бір де бір адам өмірін жоғалтпай және қалаларды қазіргідей үйіндіге айналдырмай, мәмілеге келу керек еді.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07