ОСК төрағасы студенттерге сайлаудың маңыздылығын түсіндірді
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров студенттермен кездесті. Жиынға елорданың 500-ден астам жас сайлаушылары мен жастар ұйымдарының жетекшілері, студенттер мен сайлау комиссиясының өкілдері қатысты. Шара – жастар арасында құқықтық сананы жетілдіруге және электоралдық, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған. Сондай-ақ дауыс беру процесіне жауапкершілікпен қарап, сайлау институтына сенімді арттыру көзделген. Сайлау күні аясында ел бойынша 2 мыңға жуық пікірталас пен интерактивті іс-шаралар жоспарланған.
Арайлым Жандос, студент:
Бізде сайлау жүйесінде сәл өзгерістер болды. 2023 жылдан бері ауылдағы әкімдер, облыс әкімдерін халық өзі таңдады және бұл жерде партияларды ғана емес, онымен қоса бөлек кандидаттарды сайлау туралы айтып жатыр. Менің ойымша, әрбір азамат білуі керек.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02