Мемлекет әскерден келген жастарға баспана алуға көмектесуі мүмкін
Әскерде болған жастар үшін баспана алу бойынша ипотекалық бағдарлама қажет. Мәжіліс депутаты Болат Керімбек осындай бастама көтерді. Оның айтуынша, әскерде болып келгеннен кейін 1 немесе бір жарым жыл тұрақты жұмыс істеген жастарға да ипотекалық арнайы бағдарлама ұсынылуы тиіс. Қазір еліміздің 20 өңірінде жастарды баспанамен қамтамасыз ету үшін арнайы «Өңірлік жастар бағдарламасы» бар. Бұл тетік жергілікті әкімдіктердің бақылауындағы іс. Сондықтан үй алушылардың санатына әскерде болған жастарды да қосуды ұсынамын, - дейді депутат.
Болат Керімбек, Мәжіліс депутаты:
«Отбасы» банкінің «Жасыл ипотека» бағдарламасына кез келген адам құжат тапсырып 7-5 пайызбен баспаналы болады. Ал күштік құрылым қызметшілеріне «Әскери баспана» бағдарламасы аясында 8 пайызбен несие беріледі. Бұл – әділетсіздік. Жауапкершілігі көп және қызметтің ерекше түрі болып саналатын әскери адамдарға 7-5 пайызбен несие беруді қайта қарастыру қажет.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16